№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Наурызнама 10 күндігінің жоспарына сәйкес, 22 наурыз – жыл басы күніне орай, “ Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!” тақырыбында бөбекжайымызда ұжымдастар арасында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиында бөбекжай басшысы Райхан Аманқосқызы қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Наурыз меркесінде қызметкерлеріміз ауылдарға бөлініп, салт- дәстүрлерімізді насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар бөбекжай қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сұрақтарға жауап беріп, мерекелік ән шашуларын арнады.
Мереке соңында барлық қатысушыларға кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табысталды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, құрметті әріптестер!
“Достығымыз жарасқан” атты концерттік бағдарламасы
Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 21 наурыз -Ынтымақ күні
Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Қазақстанда Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы кө...Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




